Анна Данилина жұптық сында қарсыластарын сенімді ұтты

286

1 сағат 25 минутқа созылған матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.

Анна Данилина жұптық сында қарсыластарын сенімді ұтты Фото: ҰОК

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатындағы жолын сәтті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Старттық кездесуде отандасымыз (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге Чехия өкілдері Джессика Малечкова мен Мириам Шкох тандемін айқын басымдықпен ұтты. Жарыстың 2-ші нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич алғашқы геймдерден-ақ бастаманы өз қолдарына алып, маңызды ұпайларда қатесіз ойнады. 1 сағат 25 минутқа созылған матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.

Екінші айналымда олар Майя Джойнт (Австралия) / Хенне Вандевинкель (Бельгия) халықаралық дуэтіне қарсы кортқа шығады.

Анна Данилина әйелдер арасындағы бәсекеден бөлек, Парижде микст (аралас сында) бағдарламасында да бақ сынайды. Бұл сында оның серігі америкалық Джей-Джей Трэйси болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу