Әнші Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының өнеріне тамсанып, алғыс айтты

184

Жерлесіміз Софья Самоделкина мұз айдынындағы би қойылымына әншінің орындауындағы шығарманы таңдаған.        

Әнші Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының өнеріне тамсанып, алғыс айтты Фото: gov.kz

Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен 10-орынға табан тіреп жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Америкалық әнші Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға алғыс білдірді. 

"2026 жылғы Олимпиадада менің Sunset Boulevard әніме жасаған әсерлі өнерің үшін рахмет", – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу