Бублик Antalya Open турнирінің екінші айналымына шықты

1859

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бейсенбіде ATP 250 Antalya Open сериясының жекелей турнирінің алғашқы айналымын жеңіспен бастады.

Бублик Antalya Open турнирінің екінші айналымына шықты

Әлемдік рейтингте 49-шы орынға жайғасқан Бублик  жүлде қоры 362 мың еуроны құрайтын, Түркияда өтіп жатқан турнирдің негізгі жеребесінде сегізінші нөмірмен өнер көрсетуде. Қазақстандық теннисшіге жарыстың бірінші айналымында айтарлықтай мықты қарсылас - теннис кәсіпқойлары қауымдастығы (ATP) рейтингінде 76-орында тұрған италиялық Сальваторе Карузо түсті.

Қарсыластар бір-бірімен бұрын-соңды кездескен емес және олардың алғашқы кездесуі өте тартысты өтті. Бәсеке 1 сағат 8 минутқа созылды. Алғашқы кезең 6: 3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Екінші кезеңде де жерлесіміз қатарынан үш гейм алды. Бірақ Карузо есеп айырмашылығын қысқартуға тырысты. Дегенмен допты ойынға қосқаннан кейін кедесуге нүкте қойды. Сонымен екі теннисші арасындағы бәсеке 6:3 есебімен мәресіне жетті.

Осылайша, Бублик жекелей сында екінші айналымға шықты. Онда ол беларуссиялық Егор Герасимовпен (әлемдік рейтингтің 78-ші желісі) және француз Тристан Ламазин арасында (әлемдік рейтингте 271-ші ) өтетін кездесудің жеңімпазымен бақ сынайды. Қазақстандықтың екінші айналымдағы қарсыласы жұма, 8-қаңтарда анықталады.

Бублик, жұма күні тағы бір қазақстандық Андрей Голубевпен бірге өнер көрсетеді: қазақстандық жұп Давид Гоффин (Бельгия) / Пьер-Юг Герберт (Франция) жұбымен кездеседі.

Сонымен қатар қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен дуэтте Анталиядағы турнирдің бірінші айналымында финляндиялықтар Гарри Гелиовара мен Эмиль Руусувуориге қарсы кездесу өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу