Антарктидада 500-ден аса жер дүмпуі тіркелді

Зерттеу нәтижелері Science журналында жарияланып отыр.  

Антарктидада 500-ден аса жер дүмпуі тіркелді Фото: gazeta.ru

Дэвид мұздығының астындағы жер сілікінісі жасанды интеллект көмегімен анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғалымдар 150 шақырымға дейінгі тереңдікте шығу себебі әлі белгісіз 510 ерекше жер дүмпуін зерттеген.

Тектоникалық плиталар шекарасынан алыс орналасқан өңір үшін мұндай сейсмикалық белсенділік өте сирек әрі қалыптан тыс құбылыс саналады.

Талдау 49 сейсмикалық станциядан жиналған деректерге негізделген. Трансферлік оқыту әдісін пайдаланатын ЖИ алгоритмі бастапқы (P) және екінші реттік (S) толқындарды ажырата алды, бұл жер сілкіністерінің ошақтарын дәл анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Тіркелген жер сілкіністерінің магнитудасы 1,6 мен 3,5 аралығында болған.

– Плиталардың ішінде болатын орташа тереңдіктегі жер сілкіністерін түсіндіру өте қиын. Өйткені жоғарғы мантиядағы жоғары температура мен қысым жағдайында тау жыныстарының морт сынуы сирек кездеседі, – дейді зерттеу авторлары.

Ғалымдардың сөзінше, мұның ықтимал себебі өңірдің геологиялық құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Шығыс Антарктиданың суық әрі қалың плитасы мен Батыс Антарктиданың жұқалау және жылырақ плитасының шекарасы жоғары кернеу аймақтарын қалыптастыруы мүмкін.

Десе де, барлық тіркелген сейсмикалық оқиғаның неге дәл Давид мұздығының астында шоғырланғаны әзірге белгісіз саналып тұр. Өйткені, ұқсас геологиялық жағдайлар Трансантарктикалық таулардың басқа бөліктерінде де кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу