Антон Шармиг Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшартқа қол қойды

467

Биыл Антон Шармиг алғаш рет "Тур де Франс" көпкүндігінің жарыс жолына шықты.

Антон Шармиг Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшартқа қол қойды Фото: astanaproteam.kz

Әлемдік Турда өнер көрсететін қазақстандық команда - Astana Qazaqstan Team 25 жастағы дат шабандозы Антон Шармигпен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол команда сапында 2024 және 2025 жылғы маусымда өнер көрсетеді.

"Мен үшін келесі жылдан бастап өнер көрсететін Astana Qazaqstan Team командасына ауысу өте жауапты қадам. Команда маған осы жылдың басында қызығушылық танытты. Осыдан кейін біз сөйлесе бастадық, басшылық маған жоспарлары туралы, сондай-ақ жалпы команданың дамуы туралы айтты. Менің ойымша, бұл дамуды жалғастыру үшін дұрыс орын болады. Астанаға ауысқаныма өте қуаныштымын! Мен көшбасшыларға көмектесуге, сондай-ақ мүмкіндігінше жеке нәтижелер көрсету үшін күресуге дайынмын. Команданың даниялық шабандоздармен ынтымақтастықтың бай және өте табысты тарихы бар және мен бұл жетістікті жалғастыра аламын деп үміттенемін. Сондай-ақ мен осы команданың тәжірибелі шабандоздарымен, директорларымен және қызметкерлерімен жұмыс істеуді асыға күтемін", - деді Антон Шармиг.

Антон Шармиг – жеңіс үшін күресетін, көшбасшыларға көмектесе алатын жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін шабандоз. Ол алғашқы нәтижесін 2020 жылы "андерлер" арасында өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанғанда көрсетті. Антон өзінің алғашқы кәсіби келісімшартына 2022 жылы қол қойды. Содан соң бірден кезеңдегі жеңісімен және "Оман турындағы" үздік жас шабандоздың ақ жейдесін иеленіп, таң қалдырды. 2022 жылы Шармиг "Сазка турында" екінші орын иеленсе, "Оман турының" (5-орын), "Сауд Арабиясы" турының (7-орын), "Венгрия турының" (9-орын), "Дания турының" (10-орын) жалпы есебі бойынша алғашқы ондыққа кірді.  

"Антон жан жақты шабандоз және мен оның кәсіби велоспорттағы әлеуетінің дамуы қандай болуы мүмкін екенін білгім келеді. Ол өзінің мансабын жақсы бастады және біздің командада дамуын одан әрі жалғастырады деп үміттенемін. Антон шағын көпкүндік жарыстарда өзінің қабілетін көрсетті. Бірақ ол "Тур де Франсқа" да қатысты. Сондықтан оны Гранд Турлардағы көшбасшылардың көмекшісі ретінде қарастыруға болады. Менің ойымша, бұл шабандоз бізді таулы аймақта өтетін жарыстарда да, көпкүндіктердің жалпы есебінде де толықтыра алады", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу