Қазақстандық Ануар Сариев Қазақстан қоржынына Токиодағы Паралимпиада ойындарының екінші жүлдесін салды. 60 келіге дейінгі салмақ дәржесінде белдескен Ануар финалда әзірбайжандық Вугар Ширинлиге есе жіберді. Белдесу өте тартысты өтіп, вазари ұпайларын еншіледі. Негізі уақыт аяқталуға 40 секунд қалғанда әзірбайжандық балуан әдіс жасап, екінші вазари ұпайын алды. Нәтижесінде, парадзюдошы Ануар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша Қазақстан Паралимпиададағы рекордын қайталады. Бұған дейін Риода өткен олимпиадада да құрамамыздан Зульфия Габидуллина алтын, Раушан Қойшыбаева күміс медаль жеңіп алған болатын. Алдағы жарыс күндері аталған екі спортшы да Токиода өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік қазақстандық спортшылардан Паралимпиадада алғашқы болып пауэрлифтингтен Дэвид Дегтярев "алтын" медаль жеңіп алған болатын. Токиодағы Паралимпиадалық ойындар 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы ел намысын қорғауда.
Ермұхамед Мәулен