Аңызға айналған бапкер Демеу Жадыраевқа мансабын аяқтауға кеңес берді

4948

Мельниченко Демеудің бапкер болғаны дұрыс дейді. 

Аңызға айналған бапкер Демеу Жадыраевқа мансабын аяқтауға кеңес берді Фото: коллаж inbusiness.kz

Демеу Жадыраевтың жеңісі өскелең ұрпаққа шабыт береді. Бұл туралы 1996 жылғы Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

"Ең алдымен статистикаға қарау керек. Бізде жастар арасында әлем чемпиондары, жүлдегерлері, Азия чемпиондары бар. Олар ұлттық құраманың резерві болады. Бұдан бөлек еш жерде топ жармаса да, еңбекқорлығының арқасында болашағы зор екенін аңғартатын спортшылар бар. Қазақстанда күреспен шұғылданатын балалар көп, енді сол саннан сапа жасау керек", - деді бапкер.

Сондай-ақ, Мельниченко жаттығу процесіне қатысты да ойын айтты.

"Базалық дүниелер қалады, ал ереже үнемі өзгеріп отыратындықтан, жаттығуда да өзгерістер болатыны анық. Біліктілікті жетілдіріп отыру маңызды", - деді ол.

Бас бапкер Демеу Жадыраевтың болашағына қатысты да пікір білдіріп, оның бапкерлікке ауысқаны жөн деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу