Ақпараттық хабарлама

889

"MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС "ATAMEKEN BUSINESS" телеарнасында және  Inbusiness.kz ақпараттық порталында (бұдан әрі – ақпараттық портал) 2023 жылғы 19 наурызда тағайындалған Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі және Мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарына эфир уақытын берудің жалпы шарттары, тәртібі және көлемі. 

Ақпараттық хабарлама Фото: inbusiness.kz

"MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС (бұдан әрі – БАҚ-тың меншік иесі) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі ҚР Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарына (бұдан әрі – кандидаттар) қосымшада көрсетілген баға ұсынымына сәйкес сайлау алдындағы үгіт материалдарын, аудиовизуалды материалдарды (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін ATAMEKEN BUSINESS телеарнасында және Inbusiness.kz ақпараттық порталында эфир уақытын беретінін хабардар етеді.

Кандидаттың уәкілетті өкілінің бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жазбаша өтініші эфир уақытын беру немесе үгіт материалдарын ақпараттық порталға орналастыру туралы шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

Үгіт материалдарының эфирге шығу немесе ақпараттық порталда орналастыру саны, кестесі, хронометражы немесе орналастыру уақыты кандидаттың уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, әрі олар кейін шартта тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілуге тиіс:

  1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
  2. Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат көшірмесі;
  3. Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар;
  5. Үгіт материалында бейнелері пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаты.

Үміткерлердің эфирге шығу немесе үгіт материалдарын орналастыру реті өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді.

Барлық үгіт материалында олардың төленгені туралы мәлімет, қаржыландыру көзі, ақпарат берген тұлғаның тегі жөнінде ақпарат болу керек.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар үгіт материалдар мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігіне дербес жауапты болады.

БАҚ-тың меншік иесі үгіт материалдарында сайлауға қатысатын басқа үміткерлердің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, оларды эфирге шығарудан немесе ақпараттық порталда орналастырудан бас тартуға құқылы.

Жазбаша өтініштер күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) 2023 жылғы 16 ақпаннан бастап 2023 жылғы 16 наурызды қоса алғанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс деректері: +7 (747) 789-0606.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу