АПЛ 17 маусымда қайта жалғасады

1416

Ағылшын Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады, - деп хабарлайды АПЛ-дің баспасөз қызметі.

АПЛ 17 маусымда қайта жалғасады

"Премьер-лиганың акционерлері 2019-2020 маусымның қай күні қайта жалғасатынын мәлімдеді. Сонымен, ойындар барлық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, сәрсенбі күні, яғни 17 маусымда басталады", - делінген хабарламада.

Үлкен үзілістен кейінгі алғашқы матчтар 17 маусым күні өтеді. Бұл күні "Астон Вилла" - "Шеффилд Юнайтед", "Манчестер Сити" - "Арсенал" арасындағы матчтар жоспарланып отыр. Одан кейінгі кездесулерді 19 маусым тамашалауға болады.

Ағылшын Премьер-лигасының бас директоры Ричард Мастерс АПЛ барлық қауіпсіздік талаптары орындалғаннан кейін басталады деп атап өтті. "Өкінішке орай матчтарды стадиондарда жанкүйерлерсіз өткізу керек. Сондықтан жанкүйерлер қалған 92 ойынды көре алатындай дұрыс шешім қабылдағанына қуаныштымыз", - деп қоса кетті Мастерс.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу