Apple және Google арқылы жасалған операцияларға салық төлеуді міндеттейді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
6750

Мемлекеттік кіріс комитеті ондаған миллион доллар айналымынан өзінің үлесін алатынына үміттенеді. 

Apple және Google арқылы жасалған операцияларға салық төлеуді міндеттейді

ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті Қазақстанмен байланысты халықаралық компаниялардан салық өндіру бойынша жұмысын жалғастыруда. МКК төрағасы Дәулет Ерғожинның айтуынша, Ресейдің үлгісі бойынша Қазақстан да Apple және  Google операцияларынан өз үлесін алғысы келеді.

"Биылғы жылы күзде жоспарланып отырған  заңнамаға өзгерістер енгізу барысында Apple және Google компанияларымен байланысты электрондық операцияларға салық төлемін төлеу жүйесін реттеу жоспарлануда. Ресей Федерациясында бұл мәселе қандай да бір шешімін тапқан. Біз қазір қарап, сараптаудамыз",- деді ол журналистерге.

"Шамамен қыркүйек айында осы компания өкілдерінің қатысуымен дөңгелек стол өткіземіз деп ойлаймын. Бұл мәселені қалай жасау керектігін талқылаймыз, бірақ олар қалай болғанда да салық төлеуі қажет, себебі осы екі платформа арқылы іске асып жатқан сауда операцияларының көлемі өте үлкен, ол жерде көптеген миллиондаған долларлар өтуде. Біз азамат ретінде, бюджет өз үлесін алу керек деп есептейміз",- деп қосты МКК басшысы.

Ол Қазақстанда такси шақыру бойынша сервисті ұсынатын  американдық Uber компаниясының жұмысын мысал ретінде келтірді. "Uber компаниясы Қазақстан Республикасы территориясына келген кезде бізде өзара келісім болды. Сол келісімге сай олардың  бізде жұмыс істейтін барлық қызметкерлері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек немесе патенті болуы керек, яғни олардың барлығы салық төлейді. Екінші, сіздер білетіндей, Uber компаниясындағы төлемдер тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі, соған сәйкес, барлығы ашық, олар салық төлейді, біз олардың айналымдарын көріп отырмыз, сондықтан ешқандай сұрақ та жоқ",- деді ол.

Сонымен бірге, Ерғожин мырза, басқа электронды такси шақыру сервистеріне салық органдарының сұрақтары бар екенін айтты. "Қалғандары, біріншіден, келіп өздерінің бизнес-кестелерін көрсетпеді, олар қалай жұмыс ісетуде? Олардың қолма-қол ақшамен жұмыс істейтіні белгілі, ал бұл түсініксіз",- деп есептейді ол. Алайда, МКК нарыққа қатысушылардың мұндай түріне әзірге ешқандай шара қолданып жатқан жоқ.

"Біз көлікпен айналысатын өкілетті органға түсіндірдік, ондай компаниялармен сөйлесіп Қазақстан Республикасының заңы бар екендігін, оны сақтау керектігін, яғни тіркеуге тұру керектігін, барлық төлемдерін көрсетуі қажет екенін жеткізуді айттық. Сол себепті біз тиісті жұмыстарды жүргізудеміз. Менің ойымша, жақын арада бұл жұмысты бітіреміз",- деп түсіндірді МКК басшысы.

Instagram желісінде  тауар сататын немесе қызмет ұсынатындармен  жұмыс реттелген. Ерғожин мырзаның айтуынша, профилактикалық жұмыс нәтижесінде Қазақстандағы мұндай тұлғалардың 95% салық төлей бастаған.

"Біз күдік тудырғандардың барлығын есепке  алдық, себебі айналымдары үлкен. Былай қарасаң, көптеген қызықты затты сатады. Біз олардың барлығын шақырдық, түсіндірдік,  іс жүзінде олардың 95% тіркеліп жеке кәсіпкер болды. Олардың барлығы салық төлейді",- деді ол.

МКК сонда да тауарларды сатып алу үшін отандық алаңдарды пайдалануды ұсынады.

"Біз "Қазпоштамен" бірге жоба дайындадық. "Қазпошта" сауда үшін өзінің платформасын жасады. Ол жерде біздің барлық жүйемізбен толық интеграция қарастырылуда. Яғни, "Қазпошта" арқылы жұмыс істейтін адам тіркелуі керек, салық төлеуі қажет, төлемдердің барлығы қолма-қол ақшасыз түрде жүреді, барлығы ашық және сатып алу үшін тауар ұнамаған жағдайда қайтарып беруге кепілдік беріледі. Ал Instagram желісіне наразылығыңызды қалай білдірмексіз? Адам екінші күні аккаунтын өшіріп тастауы мүмкін",- деп атап көрсетті Дәулет Ерғожин.

Сонымен бірге ол Instagram желісіндегі кейбір аккаунт иелеріне сатылып жатқан тауардың шығарылуы туралы сұрағы бар екенін де айтып кетті. "Егер Instagram желісіне кіретін болсаңыздар, кейде ол жерде атақты брендтердің тауарына ұқсайтын заттарды сатады.  Шындығына келетін болсақ, бұл  заңға қайшы. Сондықтан осы аккаунттардың астына ұсыныс мәніндегі сұрақтарымызды жазамыз. Абай болыңыздар!",- деді ол.

Алайда, оның айтуынша, тіпті осындай ескертулерден кейін де мұндай аккаунттар жабылмайды.

"Бұл бағытта қорықпай жұмыс істеп жатқан адамдар баршылық. Әзір олармен айналысуға қолымыз тимей жатыр. Біздің бұдан да басқа күрделі мәселелеріміз бар, ал қол босағаннан кейін олармен де айналысамыз",- деді ол.

Оның айтуынша, МКК Instagram арқылы  әр түрлі тауар сататын сатушылармен жұмысты бір ай бұрын бітірген.

Осы ретте, Ерғожин мырза өзінің де Instagram желісінде отыратынын да айтып кетті.

Сонымен қатар, Дәулет Ерғожин МКК 9 айдың қорытындысы бойынша мейрамхана салықтарының сомасы бойынша мәліметті жариялау практикасына қайтып оралуға шешім қабылдайтындығын мәлімдеді. Аталған шара бұрын астана және алматы мейрамханаларына қатысты комитетпен жасалған болатын. Оның айтуынша, бұл жағдай, мейрамханалардың салықты жақсы төлеуіне әкелген. "Тағы да барлығы ренжіп, жылап, ауыр экономикалық жағдайды алға тартатын болады. Есесіне қазір салықты қалай жақсы төлеуде",- деді ол.

"Мейрамханалардың уақыты қыркүйекте басталады. Қазір барлығы демалыста немесе жазғы дәмханаларда отырды. Жазғы дәмханалар- бұл шағын жеке кәсіпкерлік. Қыркүйек айында мейрамхана уақыты басталып, жұрттың бәрі жабық ғимараттарға барады. Суық уақытта ішімдікте жақсы ішіледі, ал бұл табыстың көбеюіне әкеледі. Содан кейін Жаңа жылға қарсы барлығын жариялап, біреуіне рахмет айтсақ, біреуіне шара қолдануға тура келеді",- деп түйіндеді Дәулет Ерғожин.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу