Спорттық күнге 30 бала қатысып, жас топтарына бөлініп, ойыншылармен бірге қызу бағдарлама өткізді: жаттығулар мен эстафетадан бастап достық матчтар мен үйрететін шағын ойындарға дейін. Алаңда командалық рух пен өзара қолдау ахуалы қалыптасты: балалар баскетбол негіздерін үйреніп, кәсіби спортшылар арасында жаңа достар тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ирбис Алатау" командасы үшін балалар мерекесіне қатысу – бұл балаларға баскетбол негіздерін үйретудің ғана емес, сонымен қатар оларды біздің танымал ойыншыларымыздың табысқа жету қуатымен зарядтаудың тамаша мүмкіндігі", – деп атап өтті 2024 жылы Ұлттық лигада Қазақстан чемпионы атанған баскетбол клубының директоры Евгений Булатов. – Біз мұндай кездесулер балалардың алдына үлкен мақсаттар қойып, спортта да, өмірде де олардың жетістіктеріне сеніммен жетуіне шабыт береді деп сенеміз".
Шараны AYALA қайырымдылық қоры әлемдегі салмақты бақылау және салауатты өмір салты бойынша № 1 бренд – Herbalife компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.
"Біз үшін балаларға жаңа дағдылар, өзіне деген сенім, қарым-қатынас қуанышы мен қолдау сезімін сыйлау маңызды. Бүгінгі күн – балалардың болашағы үшін берік іргетас құра отырып, спорттың біріктіретін және шабыттандыратын күшінің үлгісі", – деп атап өтті Herbalife компаниясының Қазақстан және Қырғызстан бойынша бизнесті дамыту басшысы Игорь Гончаров.
Ол Herbalife Тәуелсіз Серіктестері арқылы қаржыландырылатын Casa Herbalife қайырымдылық бағдарламасы аясында өткен жылы бүкіл әлем бойынша 200 мыңнан астам бала көмек алғанын атап өтті.
Спорттық күн мерекелік ахуалдағы теңдестірілген түскі тамақпен аяқталды. Кәдесыйлар, жаңа эмоциялар мен ортақ фотосуреттер спорттық мерекеге қатысушылардың барлығының есінде ұзақ уақыт бойы сақталады. Бизнестің, қайырымдылық ұйымының және спорттың мұндай әлеуметтік серіктестігі қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың өміріндегі жақсылыққа қарай өзгерістерге тамаша негіз болады.