Екі кодексті су заңнамасымен сәйкестендіруге арналған заң жобасының өз артықшылығы бар, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың сөзінше, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер су заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр. Сонымен қатар, су қатынастары субъектілерінің жаңа міндеттемелерін енгізу де көзделген.
– Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасында жерасты сулары бөлігінде бірыңғай терминологияны қолдану және оның ерекше экологиялық мәртебесін ескере отырып, Арал теңізінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салуды белгілеу көзделді, – деді депутат.
Серік Егізбаев аталмыш заң жобасы жер қойнауын пайдалануды реттейтін заңдарды да су заңнамасымен сәйкестендіруге бағытталғанын атап өтті.