Аралда полицей сәбиді ажалдан арашалады

8729

Аралда кәріз құдығына құлаған нәрестені полиция қызметкері Дәуренбек Жанайбеков құтқарып қалды.

Аралда полицей сәбиді ажалдан арашалады

Қызылорда ТЖД хабарлауынша, Дәуренбек жұмысынан келіп үйде түс әлетінде демалып жатқан.

Ол даладан айқай-шуды естіп, жалма-жан сыртқа шығып, оқиғаның жай-жапсарына қанығып үлгереді. Көрші үйдің ес біліп қалған баласы Дамир кәріз құдығы жақты нұсқады. Дәуренбек оның беті ашық тұрғанын көрді. Оның ішінде екі метрдей төменде сәби лас суға түсіп кеткен екен.

"Лас суға түсіп кеткен сәби біраз есін жоғалтып алған секілді. Әлсіз қолдарын ербеңдетіп қояды. Оны бірден ұстап алуға мүмкіндік болған жоқ. Құдық ішіндегі тымырсық ауа да еркін қимыл жасауға мүмкіндік берер емес. Әйтеуір бүлдіршінді лас судан шығарып сыртта тұрған адамдарға беріп үлгердім", – деді Дәуренбек.

Кәріз құдығы ішіндегі ауа оны әлсіретіп жіберді.Өзінің одан шығуға мүмкіндігі болған жоқ. Сол жерде есінен танып құлап қалды. Оны сырттағы жігіттер құдықтан шығарып алды. Одан кейін Дәуренбек ауруханада жансақтау бөлімінде ем алды. Құдықтағы судан құтқарылған балаға да дәрігерлер медициналық көмек көрсетті.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу