Аранбуру қақтығыс ортасында қалды

1477

"Бургос Вуэльтасының" 4-кезеңінде мәреге 1 шақырым қалғанда шабандоздар құлап, "Астана Про Тим" шабандозы Алекс Аранбуру уақыт жоғалтып алды.

Аранбуру қақтығыс ортасында қалды

Өкінішке орай жарыс жолының соңғы бөлігінде шабандоздар қақтығысы жиілеп кетті. Мәреге 1 шақырым қалғанда тағы бір шабандоздар қақтығысы орын алды. Нәтижесінде жиналған топ арасына "Астана Про Тим" шабандозы Алекс Аранбуру да тап болды. Ол топ ішінен шығуға мүмкіндік тауып, барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысты. Алайда финиште тек 11-орынға ие болды.

"Біз финалда Алекс Аранбурумен алға озуға тырыстық. Бірақ топта спринтерлердің көп екенін ескеретін болсақ, бұл оңай шаруы емес. Одан бөлек мәреге 1 шақырым қалғанда қақтығыс орын алғандықтан, ол шабандоздар ортасында қалып қойды. Алдыңғы қатарға шығу үшін уақытын, күшін  жоғалтты. Дегенмен Алекс спринтті жақсы өткізді. Жеңіске біршама жақын болғанымен, оған жеңіске жету үшін біраз уақыт жетпей қалды. Қазіргі таңда Аранбурудың бабы тамаша. Ол келесі кезеңдерде өзін көрсете алады деп ойлаймын. Ертең көпкүндіктің соңғы күні. Жарыс жолында тағы бір үлкен асу бар. Соңғы кезеңді жақсы өткіземіз деп алға мақсат қойып отырмыз", - деді Стефано Занини.

Ирландия чемпионы Сэм Беннетт финишке 900 метр қалғанда жекелей шабуылға шығып, кезең жеңімпазы атанды. Жалпы есепте ешқандай өзгеріс орын алған жоқ. Ремко Эвенпул көш басында келеді. Ал Оскар Родригес 13-сатыға жайғасты.

"Бургос Вуэльтасының" 5-кезеңі бүгін өтуде. Шабандоздар финалдық  Лагунас де Нейла асуын жүріп өткеннен кейін көпкүндік өз мәресіне жетпек.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу