Аранбуру "Тур де Франста" 6-нәтиже көрсетті

1206

"Тур де Франсқа" алғаш рет қатысқан Astana – Premier Tech командасының шабандозы Алекс Аранбуру бір күндік демалыстан кейін 16-шы кезеңді көшбасшы топта өткізіп, 6-нәтиже көрсетті.

Аранбуру "Тур де Франста" 6-нәтиже көрсетті

Екінші демалыс күнінен кейін "Тур де Франс" Андоррада басталып, Франциядағы Сент-Годенде аяқталған 16-шы кезеңмен жалғасын тапты. Суық ауа-райы мен жаңбырға байланысты ұйымдастырушылар жарыс басталғаннан кейін шабандоздарға киінуге мүмкіндік беру үшін құлди алдында кезеңді тоқтату туралы шешім қабылдады. Кезең қайта жалғасын тапқан соң пелотоннан толассыз шабуылдар басталды. Нәтижесінде бірнеше топ құрылды. Алекс Аранбуру да алға озған топтың қатарына қосылып үлгерді.

"Кезең өте жылдам басталды. Маған көшбасшы топқа қосылу оңай болған жоқ. Барлығымыз бірнеше рет талпынып көрдік. Нәтижесінде қажетті топтың қатарына мен ғана іліктім. Бірақ, жарыс күнінің соңына қарай күшім сарпылды. Алайда мен жеңіс үшін күресті жалғастырдым. Конрад шабуылдаған кезде біз оның соңына түстік. Содан кейін спринтте мен бәрін жасадым. Теория жүзінде кезең маған сәйкес келетін. Бірақ мен қатты шаршағанымды сезіндім. Бәрі ойдағыдай болмады. "Тур де Франс" оңай емес. Бірақ мен күн сайын осы жарыс жолын жүріп өтіп, тәжірибе жинақтаудамын. Көп нәрсе үйреніп, жеңіс үшін күресудемін", - деді Алекс Аранбуру.

Көшбасшы топтан шабуылдаған Аустрия чемпионы Патрик Конрад кезең жеңімпазы атанды. Қуғыншылардың тобында болған Алекс Аранбуру мәреге алтыншы болып келді.

Жалпы есепте ешқандай өзгеріс болған жоқ. Тадей Погачар көшбасшының сары жейдесін сақтап қалса, Алексей Луценко 7-орынға тұрақтады.

Тур де Франс, 16-кезең. Эль-Пас-де-ла-Каса – Сент-Годен, 169 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Патрик Конрад (Bora-hansgrohe); 2. Сонни Кольбрелли (Bahrain – Victorious); 3. Майкл Мэттьюс (Team BikeExchange).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу