Аргентина қыл үстінде тұр

1651

Әлем чемпионатының алғащқы бөлімі аяқталуға жақын. Үшінші тур ойындары тартысқа толы өтуде.

Аргентина қыл үстінде тұр

Англия құрамасы осы Әлем чемпионатының фавориті екенін дәлелдеді. Өз тобында 7 ұпай жинап жеке дара көш бастады. Тобында бірінші орын алып, 1/8 финалға сенімді түрде жолдама жеңді. Ағылшындар кеше Уэльс құрамасын 3:0 есебімен оңай жеңді. Енді Англия құрамасы 4 желтоқсан күні Сенегал құрамасына қарсы матч өткізеді. Бұл ойында да фаворит Гарет Саутгейттің командасы.

Англияның тобында екінші орынды Америка Құрама Штаттарының ұлттық құрамасы жеңді. Олар соңғы турда Ираннан 1:0 басым түсті. Гол авторы Кристиан Пулишич. Енді АҚШ құрамасы Нидерланды құрамасына қарсылас. Бұл екі команданың арасындағы тартыста еуропалықтар фаворит екені айқын. Нидерланды құрамасының бас бапкері Луи Ван Гаал керемет тактика қоя алатын маман. Одан бөлек бұл команда сапында жарқырап жүрген жас талант бар. Ол осы әлем чемпионатында 3 гол салған Коди Гакпо.

Сонымен 1/8 финалының екі жұбы белгілі. Нидерланды – АҚШ, және Англия – Сенегал. Одан бөлек командалар бүгінгі ойындарда анықтала бастайды. Бүгін жарыс жолындағы матчтар мыналар: Франция – Тунис, Аустралия – Дания, Сауд Арабия – Мексика, Польша – Аргентина. Франция құрамасы да плэй-оффқа жолдама алып қойған команда. Бүгін олар үшін жәй жолдастық кездесу секілді болуы мүмкін. Ал Тунистің мотивациясы молынан. Олар жеңіске жетсе, екінші орынмен келесі кезеңге өтіп кетуі мүмкін.

Леонель Месси бастаған Аргентина құрамасының да жағдайы бүгін айқындалады. Егер Польша құрамасын жеңбесе Аргентина жарыстан шығып қалуы мүмкін. Тек қана жеңіс қажет. Польша құрамасына керісінше бұл ойында тең нәтиже де жеткілікті. Сауд Арабия құрамасы Мексиканы жеңсе топта тіпті бірінші орын алуы да ғажап емес. Жалпы алғанда бірнеше нұсқалар бар.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу