Аргентинамен кездеседі

1772

Федерация Кубогінің 2020 жылғы плей-офф ойындарының жеребесі Халықаралық теннис федерациясының Лондондағы штаб-пәтерінде өтіп, қазақстандық теннисші қыздар аргентиналықтарға қарсылас атанды.

Аргентинамен кездеседі

Естеріңізге сала кетсек, 7-8 ақпан күндері Бельгияның Кортрейк қаласында өткен Федерация Кубогінде таңдаулылар санаты бойынша теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы бақ сынады. Турнирдің форматы өзгергендіктен қазақстандық теннисші қыздар алғаш рет Әлемнің үздік 20 құрамасының қатарына ілікті. Ал былтырғы Дэвис кубогінің финалистері, төрт команда – Аустралия, Франция, Венгрия және "уайлд-кард" иегері Чехия Fed Cup жарысының финалына автоматты түрде қатыса алатын мүмкіндікке ие болды. Финалға қатысатын Бельгия – Қазақстан ойынын қоса есептегенде тағы сегіз команда іріктеу арқылы анықталды. Енді қазақстандық теннисші қыздар сәуір айының 17-18-і күндері аргентиналықтарға қарсы сынға түсіп, элиталық айналымда әлемдік рейтингтегі өз орындарын қорғап қалулары қажет. Ал жарыс өтетін қала кейінірек анықталады. Ойынның форматы плей-оффтағыдай, бес кездесу, оның төртеуі жеке сынға түседі. Жарыс нәтижесі тең аяқталған жағдайда бесінші ойында жұп болып бақ сынайды.

Қазақстан мен Аргентина теннисшілері осыған дейін Федерация Кубогінде кездескен емес. Сол себепті бұл ойында фаворитті анықтау сәл қиындау болып тұр. Ал тарихи деректерге сүйенер болсақ, Аргентина Федерация Кубогінде таңдаулылар санаты бойынша Fed Cup-тың жеті мәрте - 1964, 1983, 1985, 1987, 1992, 2001 және 2004 жылдары ширек финалына, екі рет жартылай финалына шыққан.

Сәуірде Аргентина – Қазақстан ойынынан бөлек тағы жеті ойын өтеді. Олар: Польша – Бразилия, Мексика – Ұлыбритания, Сербия – Канада, Латвия – Азия/Мұхит аймағының жеңімпаздары, Жапония – Украина, Румыния – Италия, Нидерланды – Азия/Мұхит аймағының жеңімпаздары, Жапония. Келесі жылы ақпанда Федерация Кубогінің жеңімпаздары Будапеште өтетін турнирдің 3-12 аралығындағы орындарды иемденген командалармен бірге сынға түседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу