Белорусь теннисшісі Арина Соболенко Аустралияның Брисбен қаласында өткен турнирде жеңіске жетті. Финалда ол украиналық Марта Костюкты (16‑шы ракетка) 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Осылайша, 27 жастағы спортшы қарсыласқа қарсы есепті 5:0 етіп, бір сет те бермеді.
Бұл Соболенконың Брисбен турниріндегі екінші, WTA турнирлеріндегі 22-ші кубогы болды.
WTA-500 санатындағы Brisbane International турнирі 4–11 қаңтар аралығында өтті. Оған 48 спортшы қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 691 602 АҚШ долларын құрады.
Өткен жылы да Арина Соболенко турнир чемпионы атанған. Финалда ол Ресей атынан өнер көрсеткен Полина Кудерметованы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңген еді.
Айта кетейік, Брисбен турниріне қазақстандық Елена Рыбакина да қатысқан. Дегенмен ол ширек финалдан әрі аса алмады.