Арина Соболенко US Open турниріндегі әрекеті үшін қомақты айыппұл арқалауы мүмкін

501

Белоруссиялық спортшы финалдық ойыннан кейін корт басындағы орындықта отырып ракеткасын сындырып, оны жақыннан түсірген телеоператорға дөрекілік көрсетті.    

Арина Соболенко US Open турниріндегі әрекеті үшін қомақты айыппұл арқалауы мүмкін Фото: AP/Frank Franklin II

US Open турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинадан жеңілгеннен кейін ашуға ерік берген Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының ұйымдастырушыларынан ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Yahoo басылымының мәліметінше, "Үлкен шлем" турнирлерінің ережелері бойынша сынған ракета үшін ең жоғары айыппұл 50 мың долларды құрайды. Арина Соболенко бұған дейін де осындай әрекеттерге бірнеше рет барғандықтан, бұл жолы ол ерекше үлкен мөлшерде жазаға тартылуы ықтимал.

Ал әдепсіз сөздер үшін қарастырылған айыппұл көлемі 3 мыңнан 5 мың долларға дейін жетеді.

– Мен жай ғана бар агрессия мен ренішімді сыртқа шығарғым келді. "Үлкен шлем" финалында жеңіліп қалу және қатарынан үшінші рет жеңіске жетуге тырысқан кезде эмоцияны ұстап тұру өте қиын, – деді Арина Соболенко өз әрекетіне ақталып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу