7 қазан күні хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында екі кездесу өтті. "Торпедо" мен "Арлан" арасындағы Өскеменде өткен екінші кездесу тағы да көкшетаулықтардың ірі жеңісімен аяқталды. "Арлан" командасынан Данила Ларионов 5 (2+3) ұпай, Алексей Клочков 4 (2+2) ұпай жинады. Осылайша, көкшетаулықтар турнир кестесінде үшінші орынға жайғасса, торпедолықтар соңғы төрт жекпе-жектің үшеуінде жеңіліс тапты.
"Торпедо" - "Арлан" 2:9 (1:2, 0:4, 1:3)
0:1 - 11:09 - Преснов (Ларионов, Клочков)
0:2 - 12:18 - Ларионов (Клочков, Михайлов)
1:2 - 15:34 - Зубов
1:3 - 27:34 - Ларионов (Михнин, Михайлов)
1:4 - 29:49 - Карабань (Гребенщиков, Степаненко)
1:5 - 36:04 - Клочков (Жиляков, Ларионов)
1:6 - 38:03 - Клочков (Преснов, Михнин)
2:6 - 47:10 - Петров (Алдабергенов, Шин)
2:7 - 48:36 - Колесников (Костромитин, Степаненко)
2:8 - 53:32 - Полохов (Михнин, Костромитин)
2:9 - 55:14 - Жарков (Ларионов)
Қақпашылар: Осокин (Янков, 40:00-60:00) – Мейдер
"Ертіс" өз алаңында төрт ұпай жинады. Бұл павлодарлық ұжымға жағдайын біршама жақсартуға мүмкіндік берді. Кездесу барысында Денис Буденчук дубль жасаса, Илья Олендаренко жеңіс голын соқты.
"Ертіс" - "Снежные Барсы" 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)
1:0 - 23:02 - Буденчук (Петросян, Левитский)
2:0 - 29:47 - Олендаренко (Петросян, Евлоев)
2:1 - 51:12 - Сапарбек (Алибек, Шапоров)
3:1 - 58:52 - Буденчук (Шкленник)
Қақпашылар: Нечвиенко - Дубинскас
Кезекті маусым жексенбі, 9 қазанда Қарағандыдағы "Сарыарқа" мен Ташкенттің "Хумо", Рудныйда өтетін "Горняк" және "Бейбарыс", сондай-ақ елордадағы "Номад" пен "Ақтөбе" арасындағы текетіреспен жалғасады. Келесі күні, яғни 10 қазанда Павлодарда "Ертіс" - "Арлан" және Өскеменде "Торпедо" - "Снежные Барсы" сериялары басталады. "Алматы" мен петропавлдық "Құлагер" 11 және 12-ші турда кездеседі. Олардың екі матчтық жекпе-жегі 14-қазанға жоспарланған.
Ермұхамед Мәулен