Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды

240

Отандасымыз жарыс жолын 54:43 уақытта еңсеріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алтын медальді ресейлік Роман Минеев иеленді - 54:31. Қытай спортшысы Минсюй Ли 54:34 уақыт көрсеткішімен екінші орын алды.

Сондай-ақ Аян Бейсенбаев жарысты 11-орынмен аяқтады (55:17). Максим Шмулич 26-нәтиже көрсетті (56:13), ал Темірлан Теміров 28-орынға тұрақтады (56:35).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу