Ұлттық құрама бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородовқа сенім артты.
Кездесуді грекиялық футболшылар ойынды белсенді бастады.
Нәтижесінде, бірінші кезеңде олардың қатарынан Анастасиос Бакасетас 9-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындап, өз құрамасын алға шығарды.
Одан кейін қазақстандық футболшылардың өрескел қателігін шебер пайдаланған Димитриос Пелькас 15, Фотис Иоаннидис 37, Димитриос Курбелис 40-минутта қатарынан үш гол соғып кетті.
Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласынан 0:5 есебімен жеңіліп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасына қол жеткізе алмады.