Армения мен Түркия визалық режимді ішінара жеңілдетуге келісті

237

Бұл өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 

Армения мен Түркия визалық режимді ішінара жеңілдетуге келісті Фото: 1news.az

Армения мен Түркия дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келді. Тиісті шешім екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесі аясында тағайындалған арнайы өкілдердің келіссөздері барысында қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Арменияның Сыртқы істер министрлігі дайындаған жоба негіздемесіне сәйкес, тараптар өзара негізде мемлекеттік баж алынбайтын электрондық визалар беру жөнінде уағдаласқан. Бұл өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мәліметке сәйкес, электрондық виза 21 күнге дейінгі мерзімге беріледі және тек дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт иелеріне ғана қолданылады. Визалық алым мөлшері нөл пайыз болып белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу