Армения екіжақты қатынастарды қалыпқа келтіру процесі аясында Түркиямен шекарада екі бақылау-өткізу пунктін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы Армения үкіметінің 2026-2031 жылдарға арналған бағдарламасының жобасында айтылған.
"Армения мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастарды орнату, армян-түрік шекарасын ашу және кем дегенде екі заманауи бақылау-өткізу пунктін пайдалануға беру, көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымдарды қайта іске қосу мен кеңейту, сондай-ақ екіжақты және көпжақты сауданы ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі", – делінген құжатта.
Тиісті құжат Армения үкіметінің сайтында жарияланған әрі оның бейсенбідегі отырысының күн тәртібіне енгізілген.