"Коронавирустың көптеген елдерде таралуына байланысты Армения құрамасының жақын арадағы жолдастық кездесулері кейінге қалдырылды. 26-наурыз Өзбекстан-Армения, 30-наурыз Қазақстан-Армения матчтары өтпейтін болды. 17-наурыз күні УЕФА өзі ұйымдастыратын турнирлерге қатысты мәлімдеме жасады. Наурыз айында өтетін 21 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирлері де шегерілуі мүмкін", - делінген федерация сайтында.
Естеріңізге сала кетсек, 27-наурыз күніне Қазақстан командасы тағы бір ойын жоспарлаған. Сол күні Қазақстан мен Литва құрамасы кездесуі тиіс болатын.
Жолдастық кездесулердің өтпейтін себебі, коронавирус эпидемиясының бүкіл Әлемге таралуы. Соңғы ақпараттарға сүйенер болсақ 17-наурыз күні Арменияда коронавирус жұқтырған 52 адам тіркелген. Коронавирус бұл елде алғаш рет 16-наурыз күні 22 адамның жұқтырғаны белгілі болса, сол күні тағы 30 адамнан табылды.
Сондай-ақ, Еуропа чемпионаты – 2020 коронавирусқа байланысты 2021-жылға шегерілді. 17-наурыз күні УЕФА-ның ұйымдастыруымен өткен видеоконференцияда биыл өтуі тиіс чемпионаттың жайы қызу талқыға түсті. Енді биылға жоспарланған Еуропа чемпионаты 2021-жылы 11-маусым мен 11-шілде аралығында өтетін болды.
Ермұхамед Мәулен