Арнайы шотта жатқан қаражатқа инвестициялық табыс есептелмейді

6287

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 322 046 мың салымшысы жеткілікті мөлшерден асқан жинағын тұрғын үй жағдайы мен денсаулығын жақсартуға жұмсады.  

Арнайы шотта жатқан қаражатқа инвестициялық табыс есептелмейді

Пайдаланылған қаражат көлемі 1,5 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, уәкілетті оператордың екінші деңгейлі банктерге аударған біржолғы зейнетақы төлемінің орташа мөлшері  шамамен 4,6 млн теңгеден асты. Орындалған өтініштердің басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстау облысының салымшыларына тиесілі болды.

Айта кетейік, салымшылар үшін арнайы ашылған есепшотқа жолданған 166 млрд теңгеден астам қаражат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарына қайтарылды. Бұған салымшылардың қаражатты жеке шотқа қайтадан салу туралы өтініш білдіруі немесе біржолғы зейнетақы төлемін тиісті уақытында пайдаланбауы себеп болды.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты денсаулығын дұрыстауға жұмсау үшін салымшылардан 15 450 өтініш түсті. Нәтижесінде 11 027 өтініш орындалып, қордан 10,4 млрд теңге берілді. Уәкілетті оператор салымшылардың жеке шотына 2 млрд теңге қайтарды. Бұл қадамға баруға салымшының өтініші мен қаржының дер кезінде қолданылмағаны ықпал етті", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Нақтылайық, біржолғы зейнетақы төлемі "Отбасы банкте" ашылған арнайы шотқа түскеннен кейін жинақ иесі уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемін  пайдалану қағидасының 13-тармағына сәйкес, 45 жұмыс күні ішінде жинақтың нысаналы мақсатын растайтын құжат ұсынады. Құжат уәкілетті операторға уақытында ұсынылмаса, арнайы шотта жатқан қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жолданады.

"Салымшылардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан уәкілетті оператордың арнайы шотына аударылған қаражатына инвестициялық табыс есептелмейді. Бұдан бөлек арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинағына заңда көрсетілген мемлекет кепілдігі қолданылмайды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемінен слалымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес жеке табыс салығы ұсталады", – деп жазды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі. 

Ғалия Әділ


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу