"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапты

1629

Төтенше жағдай министрлігінің деректеріне сәйкес шахтаның 106 қызметкері эвакуацияланды. 

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапты Фото: Sputnik / Павел Лисицын

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтада газ апаты болып, 4 кенші қаза тапты. Ал тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп жазады Inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қолда бар алдын ала мәліметтерге сәйкес,  3 қарашада Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтада түнгі сағат 3:00 шамасында газдренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде газдың кенеттен шығуы орын алды. Бұл 4 жұмысшының өліміне әкеп соқты, тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, ал төртеуі ауруханаға жатқызылды", – деп жазылған хабарламада 

Ведомствоның деректері бойынша шахтаның 106 қызметкері эвакуацияланған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылады. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 7 қыркүйекте "АрселорМиттал" Басқарма төрағасы Лакшми Миттал Премьер-Министр Әлихан Смайыловпен кездесіп, компания алдағы жылдары болат және тау-кен активтерін жаңғыртуға қомақты қаржы салуды жоспарлап отырғанын, бұл ретте қызметкерлерді оқытуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінетініне уәде еткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу