Қазақстан әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына шықты

324

16-20 шілде аралығында су спорты түрлері бойынша Сингапурде өтіп жатқан әлем чемпионатына 60 елден 202 спортшы сынға түсуде. 

Қазақстан әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына шықты Фото: olympic.kz

Сингапур төрінде өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстанның әртістік жүзуден әйелдер құрамасы финалға жолдама алды.

Командалық еркін бағдарламада өнер көрсеткен аруларымыз іріктеу кезеңінде 261.9755 ұпай жинап, үздік сегіздіктен көрінді.

Команда құрамында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова және Валерия Столбунова сынды талантты спортшылар өнер көрсетті.

Іріктеу кезеңіне барлығы 20 команда қатысып, тартысты бәсеке нәтижесінде Қытай, Испания және Жапония құрамалары алғашқы үш орынды иеленді. Ал Қазақстан құрамасы осындай алпауыт командалардың қатарында финалға өтіп, ел мерейін үстем етті.

Финалдық жарыс 20 шілдеге жоспарланған. Бұл аруларымыз үшін қазақстандық спорттың әлеуетін әлемге паш етуге жол ашатын тағы бір мүмкіндік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу