Қазақстандық спортшы финалда әлемнің 797-шы, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты – 6:3.
Осылайша, екі партияда қарсыласын сан соқтырған қазақстандық теннисші чемпиондық тұғырға көтерілді.
Бұл жеңісінен кейін Аружан алдағы дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде жоғары көтерілері анық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу