Арыстағы жарылыс: Тұрғындар талабын сотта қарау ісі уақытша тоқтатылды

3264

Шымкенттің сот сараптамалары орталығы Арыс оқиғасынан келген шығынды анықтауға тиіс болса да, "басқа тапсырыстарды орындап", мүлде босай алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ratel.kz сайтына сілтеме беріп.

Арыстағы жарылыс: Тұрғындар талабын сотта қарау ісі уақытша тоқтатылды

Арыс аудандық соты 2019 жылғы жарылыс бойынша сотталған 16 адам және 44 859 әскери бөліміне қатысты қала тұрғындарының арыз-талаптарын (Қорғаныс министрлігіне түсірген талаптарын) қарауды тоқтатты. 41 тұрғын сотталушылардан материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етіп отыр.

Биыл маусымның басында сот бүлінген мүліктің құнын анықтайтын құрылыс-экономикалық және құрылыс-технологиялық сараптама жүргізуді тағайындады. Оны зерттеу Шымкент қаласының сот сараптамалары институтына жүктелген. Алайда олар материалдарды орындамай қайтарып берді.

Түсіндірмелеріне сүйенсек, "сараптамалық жүктеме нормативі асып кеткен, тиісті ресурстар болмаған”.

Осы іске төрағалық ететін судья Еділхан Ағманов "Сараптамалық-кешенді бағалау кәсіпорны" ЖШС дирекциясына көрсетілген сараптаманы жүргізу мүмкіндігі туралы сұрау салып хат жолдады. ЖШС бұл тапсырысты орындай алатынын растады. Осыған байланысты сот ісін қарау сараптама нәтижелері алынғанға дейін тоқтатылды.

Айта кету керек, талапкерлердің көпшілігінде тексерулер, ведомстволық инспекциялардың қорытындылары, сондай-ақ мамандардың жазбаша кеңестері, бағалаушылардың бүлінген үйлер мен ғимараттарға қатысты есептері бар. Алайда сот қолда бар құжаттарға қарамастан, тұрғындардың үйлеріне келген зақымға тәуелсіз бағалау жүргізу керек деп есептейді.

"Олар неден зақымданғанын, тұруға жарамдылығын, объектілерді жөндеу-қалпына келтіруге қанша сома кететінін дәл анықтау керек", дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу