Бұл туралы abctv.kz-ке "Рузи НАН" ЖШС директоры Қуандық Хамзин айтты. Оның айтуынша, ірі және орта нан өндірушілер шағын кәсіпорындармен бәсекелестікке шыдай алмауда. Осының салдарынан "Алтын Диірмен", "Меркур-НАН", "Шелта" компанияларының нан комбинаттары жақында жабылып қалған. Ал шағын наубайханалар болса, керісінше, қаптап барады. Қуандық Хамзин өзінің компаниясы нан пісіру көлемін азайтпағанын айтты. Бірақ та нан өнімінің кейбір түрінің бағасын экономикалық тұрғыдан негізделген деуге келмейтін сөз етті.
"Шындығына келетін болсақ, біз бөлке нанның бағасын өзіндік құн дейгейінде қойып отырмыз. Бізге жеңілдетілген бағытта жұмыс істейтін шағын кәсіпорындармен бәсекелесу қиын. Шағын наубайханалардағы нан бағасын төмен, сондықтан бізге сол бағаға икемделуге тура келеді. Осының салдарынан соңғы екі жылда бөлке нанның бағасын көтере алмай отырмыз", – деп ол ойымен бөлісті.
Қуандық Хамзин Алматы мен Алматы облысында тұратындардың көбі негізінен төлем қабілеті бар адамдар деп есептейді. Тұтынушыларды нанның бағасынан гөрі сапасы алаңдатады. Жақында "Рузи НАН" компаниясы "Алматы" ӘКК-те әлеуметтік дүкендердің бірін жалға алып, нан өнімін төмен бағада сатуда. Бірақ та Қуандық Хамзиннің айтуынша, арзан нанды алып жатқан адамның қарасы аз.
Оның сөзінше, көптеген шағын наубайхананы не санитарлық эпидемиялық станция, не салық органы (мысалға, аулаларда пісіріліп жатқан тандыр нанды) қадағаламайды. Осыған сәйкес, олардың өндіру және сату көлемі ресми статистикада көрсетілмеген
Егер ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті ұсынған мәліметке сүйенер болсақ, онда Алматы облысындағы бір адамның орташа жылдық нан жеуі бес жылда 10,4 кг азайған. 2011 жылы бұл көрсеткіш бір жан басына шаққанда 143,1 кг, ал 2016 жылы 132,7 кг болған.
Қазіргі есеп мәліметі бойынша, Алматы облысындағы халықтың саны жылдың басынан бері 1,3%-ға өсіп, 1 қыркүйекте 2 млн 8,5 мың адамға жеткен. Ал Алматы қаласындағы халық саны 1 қыркүйекте 1 млн 782,8 мың адам болған, яғни жыл басынан бері 1,8%-ға өскен.
Егер статистикалық мәліметке сенер болсақ, онда өңірде жаңа нан пісіру көлемі азайып барады. Былтырғы жылғымен салыстырғанда ол 7%-ға ( 2016 жылдың қаңтар-тамызында 18894 тонна, 2017 жылдың осындай кезеңінда 17573 тонна нан пісірілген) түсіп кеткен. Алматы қаласында биылғы жылдың қаңтары мен маусым аралығында пісірілген нанның көлемі 2016 жылмен салыстырғанда аз болған. Тек шілде айынан бастап қана былтырғы жылғы деңгейден асқан. Нан өнімінің жетпей жатқан тоннасын шағын кәсіпорындар пісіріп жатқаны белгілі болды, алайда олар статистикада ескерілмейді.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мадиевтің айтуынша, алматылық нан-тоқаш өнімдерін өндірушілер салық төлемдерін жасамайды.
"Қазір біз нан өнімдерінің 120-дан астам түрін дайындаймыз, ал кез келген қала тұрғыны көңілі қалаған нанды сатып ала алады. Бірақ статистика комитетінің есебінде бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін бөлке нан ғана көрсетіліп отыр, ал оны сатып алу азайып барады. Бұл қаладағы экономикалық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Біздің сатып жатқан нанымыздың бағасы қалыпты. Егер нан өнімінің арасындағы айырмашылық екі-үш теңге болса, онда қала тұрғыны таңдағанын ала алады", – деп түсіндірді ол.
Нан пісірумен бес жыл айналысқан маман Евгения Соколова Алматы облысында ұлттық нан түрлері – тандыр нан, шелпек, бауырсақ үлкен сұранысқа ие деп отыр. Оның айтуынша, жекеменшік үйдің ауласындағы тандыр пеш ешкімге таңсық емес. Тандыр нанды тек отбасы үшін ғана емес, сонымен қатар сатуға да пісіреді. Сондықтан үй наубайханалары көлеңкелі нарықтың үлкен бөлігін құрайды. Бұған базардағы тандыр пеште нан пісіретіндерді де қосуға болады.
"Есіңізге түсіріп көріңізші, тандыр нан сатып алғанда қашан чек алдыңыз?", – деді ол.
"Осыдан үш жыл бұрын бізде тандыр пеш қойып, тандыр нан пісірдік. Ұлттық нан түрлері сұранысқа ие, сауда нүктелері мұндай өнімді қуана-қуана алады. Бірақ бөлке нан пісіретін тағы бір пеш қойғаннан кейін, тандыр нан пісіруден бас тарттық. Алайда өндірістік орындар нан өнімінің осы түрін шығаруға мүмкіндік бермей жатыр", – деді Қуандық Хамзин.
Сонымен қатар ол егер тіпті компания тандыр нан пісіруді қайта қолға алған күннің өзінде шағын кәсіпорындармен бәсекеге түсу қиын болады деп отыр. Өйткені оның көбісі заңсыз жұмыс істейді. Тіпті егер кәсіпорын ресми түрде жеке кәсіпорын болып тіркелгеннің өзінде барлық чек терминал немесе кассалық апарат арқылы өтпеуі мүмкін. Жеке кәсіпорындар аз салық төлейді, оларға қойылатын талап та аз, сондықтан олар төмен бағамен сата алады.
Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары бүгінгі күні шағын орта бизнес қаланың салықтық төлемінің 32%-ын құрайтынын атап кетті. Бизнестің тап осы бөлігі қала экономикасын ұстап отыр. Шағын және орта бизнестің өндіретін өнімінің көлемі жыл сайын өсіп келеді. Былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, ол 40%-ға өскен.
Гүлназ Ермағанбетова, Римма Гахова