Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі атанды

825

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі атанды Фото: forbes.kz

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2010 ж. - ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін.

2014 ж. - Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді "Executive Management" бағдарламасы бойынша бітірген.

2010-2014 жж. - Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры.

2014-2016 жж. - ҚР Ұлттық банкінің "Банктік сервис бюросы" РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.

2016-2017 жж. – "Зерде" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрайымы.

2017-2018 жж. - "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі

2022 жылғы 3 қазаннан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен "Қазпошта" АҚ Басқармасының төрағасы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу