Асхат Аймағамбетов елді тағы бір сүйінші жаңалығымен қуантты

2139

Отандық кітап баспалары қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Асхат Аймағамбетов елді тағы бір сүйінші жаңалығымен қуантты Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отандық кітап баспалары қосылған құн салығын төлеуден босатылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жұмыс тобының отырысында біз үшін маңызды шешім қабылданды. Енді отандық кітаптар мен оларды басып шығару қызметтері 16% қосылған құн салығынан босатылады. Бұл жай ғана салықты алып тастау емес. Бұл – терең мағынасы бар қадам. Кітап – тауар емес. Кітап – білімнің, мәдениеттің, тарихтың және ұлттың болашағының кілті", – деп жазды ол

Оның сөзінше, Amanat партиясының фракциясы мен Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы бағытта табанды түрде жұмыс істеген. Олардың ұсынысын Үкімет те өз қорытындысында қолдады. 

Әлемнің көптеген елдерінде кітаптар салықтан босатылған. Тіпті керісінше, мемлекет баспаларды қолдап, субсидия беріп, кітаптарды халық үшін қолжетімді етуге тырысады.

"Өйткені, қазіргі кезде идеялар мен мағыналар үшін нағыз күрес жүріп жатыр. Бүгін кітапқа салынған инвестиция – елдің рухани тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестиция", – деді Асхат Аймағамбетов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу