- Словения да, Дания да мықты командалар. Бұл елдердің чемпионаттары өте тартысты өтеді. Ұлттық құрамалары үнемі ірі додаларода топ жарып жүр. Ал ойыншыларына келетін болсақ біршамасы Еуропаның алпауыт командаларында доп тебеді. Десе де, мықты командаларға қарсы ойнау біз үшін таңсық емес. Өз алаңымызда ұпай алып, қарсыласты әбден әбігерге саламыз. Ол анық нәрсе. "Астана Аренаға" келген жанкүйер бізді қолдаса қарап қалмасымыз анық. Бар күшті салып, абыройымен ойнап шығамыз. Оған мен капитан ретінде кәміл сенемін.
- Словения құрамасымен болатын алғашқы ойын жайлы тоқталып өтсеңіз.
- Словениямен бұрын кездескен жоқпыз. Сондықтан, дәл қазір нақты айту қиындау. Десе де, рейтингке қарсақ олардың құрамалары осал емес. Ян Облак деген қақпашысын бүкіл әлем таниды. Ол "Атлетико" Мадрид сапында аңызға айналған десек артық емес. Беньямин Шешко деген шабуылшысы "Ред Булл Зальцбург" командасында ойнайды. Ян Млакар деген шабуылшысын мен жақсы танимын. Ол өткен жылы "Хайдук" командасы сапында "Тобылға" қарсы ойында алаңға шыққан. Алайда, Словения құрамасы Әлем чемпионаттарына шыға алмай, үнемі іріктеуде сүрініп жүр. Демек, оларды жеңуге болады деген сөз. Егер команда болып, үйлесімді ойнасақ, неге жеңбеске?
- Дания құрамасымен 4 рет кездесіп, әзірге жеңбеппіз...
- Иә, Словениямен ойнаған соң араға үш күн салып Даниямен кездесеміз. Бұл команда енді ірі деңгейдің командасы екенін білесіздер. Сапында жарақат алған Кристиан Эриксен, Каспер Дольберг, Юссуф Поульсен секілді мықтылар бар. Қатарда өткен Әлем чемпионатына жолдама ала алмай, құрамасы қазір қатты ашулы отыр. Осы іріктеуден қалайда сүрінбей өтіп, Еуропа чемпионатына жолдама алуды көздейді. Дегенмен, бізге де ұпай қажет. Осыған дейін 4 рет жеңілсек ол біздің мотивациямыздың мол екенін байқатады. Осы жолы Даниядан ұпай алудың сәті түсер. Ұлттар лигасындағы матчтар арқылы біз кез келген қарсыласты жеңуге болатынына сене бастадық. Бас бапкердің тактикасын бұлжытпай орындасақ, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.
Сұқбатыңызға рахмет!