Әшкеевтің қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

1835

Кездесу Америка Құрама Штаттарында өтеді.

Әшкеевтің қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Осы уақытқа дейін өткізген жекпе-жектерінде бір де бір рет жеңіліп көрмеген брінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) желтоқсан айында рингке шығады, - деп хабарлады Boxingscene.com сайты.

Ашкеев 3 желтоқсан күні өтетін бокс кеші аясында Лос-Анджелестегі (АҚШ) жаттықтырушы Фредди Роучтың Wild Card Boxing Gym залында рингте өнер көрсетеді. Оның қарсыласы спорттық мансабында әлі жеңіліп көрген АҚШ азаматы Чарльз Конуэлл болады (13-0, 10 КО). Жекпе-жектің форматы - он раунд. Шоу NBC телеарнасында көрсетіледі.

"Мен NBCSN-де жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. АҚШ телеарнасында алғаш рет өзімді көрсетуге дайынмын. Мен бәріне өзімнің қандай дәрежеде екенімді көрсететін сәтті көп күттім", - деді Әшкеев.

Алғашқыда жоспар бойынша Әшкеев пен Конуэлл 10 сәуірде кездесуі керек еді. Бірақ бокс кеші коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын. Қазақстандық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 9 қарашада АҚШ-та өткізген. Ол аргентиналық Родольфо Мартинесті (43-9-3, 16 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Жекпе-жек барысында Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Содан кейін Мартинес алтыншы раундта рингке шығудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC (USNBC) бойынша  алғашқы орта салмақтағы титулын жеңіп алды.

Ал, Конуэллге келер болсақ, ол соңғы рет рингке қазан айында шығып, Анкасвиллада жерлесі Венди Туссанды нокаутқа жіберген болатын(12-1, 5 КО).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу