Бұл жайлы ҚР қорғаныс министрлігінің өкілі Руслан Шпекбаев хабарлады.
Әскерилер тазаланған аумақты арнайы тікұшақпен тексеріп мониторинг жасап, оқ-дәрілерден тазаланғанын, жарылыс қаупі жоқ екеніне көз жеткізген. Қазірде 42 топтан құралған саперлар күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың шақыртуларына жедел жететін кезекшілер де ұйымдастырылыпты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік өкілдері қала аумағынан 10 мыңға жуық жарылғыш заттардың бөлшектері табылғаны жөнінде хабарлаған болатын.
Арай Есенбек
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу