Оқу-жаттығу жиынына қатысқан әскери қызметшілер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген – Қасым-Жомарт Тоқаев

186

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқу-жаттығу жиынына қатысқан әскери қызметшілер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Ақорда

Президент оқу-жаттығу жиынына қатысқан әскери қызметшілер тиісті жабдықтармен, соның ішінде арнайы құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмегенін айтты. 

Мемлекет басшысы жеке құрамның қауіпсіздігіне айрықша назар аударды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Үкіметтік комиссия оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізуге, әскерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге және қауіпсіздік талаптардың сақталуына жауапты барлық лауазымды тұлғаның әрекетіне баға беруге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу