Әскерилер Арыс қаласынан 70 жарылғыш снаряд алып шықты

3339

Бүгінде Арыс қаласын 800  cолдат күзетіп тұр. 

Әскерилер Арыс қаласынан 70 жарылғыш снаряд алып шықты

Қала ішінде 125 сапер жарылғыш заттардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгіннің өзінде әскерилер 70-ке жуық жарылғыш снарядты алып шыққан. Бұл туралы ҚР Қорғаныс вице-министрі, генерал-майор Бақыт Құрманбаев мәлімдеді.

Тоғыз жолдың торабы болған Арыс қаласы мен ондағы темір жолдарды 2 күнде тазалап бітіруді жоспарлап жатыр екен.

Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, жарылыс орын алған бірінші қойма аумағы 90 пайызға зақымданған. Екінші және үшінші қойма аумағына айтарлықтай зақым келмепті. Ауа қабатындағы радиация көлемі қалыпты жағдайда.

Кеше жарылған снарядтардың дені атқыш және артиллериялық бағыттағы жарылғыш заттар болған.

Мұнан өзге, бұл қоймада ел дүрлігіп қорқып жүрген зенитті-балистикалық ракета болған.

"Ол ракета жарылып, жойылып кетті. Оның екі қорғаныс механизімі болады. Ол механизм шешілмей орнында жарылған. Қорғаныс механизімі шешілмей, ол аса қауіпті емес",- дейді Бақыт Құрманбаев. 

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу