banner

Асланбек Шымбергенов тайландық боксшыны нокаутқа жіберді

1949

Қазақстандық боксшылар Thailand Open турнирінің финалына шықты.

Асланбек Шымбергенов тайландық боксшыны нокаутқа жіберді

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Thailand Open турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол таиландтық Анават Тонгкатокты жеңді. Тайландтық боксшы екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Оралбай қазақстандық боксшылардан алғашқы финалист атанды.

Сондай-ақ 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асланбек Шымбергенов те финалға шықты. Ол жартылай финалда жергілікті боксшы Атичай Фомсапты сенімді түрде жеңіп, екінші раундта жойқын нокаутқа жіберді. Нәтижесінде тайландтық боксшы рингтен бапкерлерінің көмегімен кетті.

63 келіге дейінгі салмақта екі қазақстандықтың қатысуымен тағы бір жартылай финалдық жекпе-жек өтті. Бұл жолы Санатәлі Төлтаев пен Сұлтан Мусинов кездесті. Кездесу Мусиновтың (30-27, 30-27, 30-27, 30-27, 29-28) жеңісімен аяқталды.

2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов та халықаралық турнирдің финалына шықты. Жартылай финалда қазақстандық ринг қожайыны Руджакран Джунтронгпен кездесіп, ұпай саны бойынша басымдықпен жеңіске жетті. Бірінші раунд қазақстандықтың еншісіне жазылса (4:1), екінші раундта қарсыласы сәл ширақ қимылдай бастады (3:2). Үшінші раунд Джунтронгтың пайдасына аяқталды (1:4). Бірақ қазақстандық  боксшы жалпы ұпаймен (3:2) жеңіске жетті.

Сондай-ақ финалға қазақстандық Айбек Оралбай жолдама алды. 91 келіге дейінгі салмақта Айбек Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір боксшысы Сағындық Тоғамбаймен жұдырықтасты. Бірінші раундта Оралбай 3:2 есебімен алға шықты. Ал екінші раундта басымдығын (4:1) одан әрі нығайта түсті. Соңғы раунд (1:4) Тоғамбайға бұйырды. Бірақ соңғы кезеңде Оралбай (4:1) жеңіске жетті.

Аятулла Тәкіжанов Thailand Open халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда қазақстандық боксшы үндістандық Сумитпен кездесіп, жеңіліп қалды. Осылайша, бүгінгі жекпе-жектер қорытындысы бойынша бес қазақстандық боксшы финалға шықты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу