Асланбек Шымбергенов ұлттық құрамаға қайта орала ма?

198

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Асланбек Шымбергеновке қатысты пікір білдіріп, оның ұлттық құрамаға қашан оралатынын айтты.

Асланбек Шымбергенов ұлттық құрамаға қайта орала ма? Фото: gov.kz

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Шымбергенов 2024 жылдың соңынан бері жарыстарға қатыспай жүр. Бұған дейін боксшының жарақат алғаны хабарланған еді.

"Асланбек ақырындап жаттығуды бастады. Енді оған күзде өтетін Қазақстан чемпионатына қатысу керек. Егер сол турнирде жүлдегер атанса, құрамаға оралады.
Қазір ол ұлттық құраманың қатарында жоқ, сол себепті 2025 жылғы оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды. Бірақ өз облысында шағын жергілікті турнирлерге қатысып жүргенін естідім", – деді Қайрат Сәтжанов.

Асланбек Шымбергенов – 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, 2022 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017).

Ол 2024 жылы Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны болған. Алайда жарыстың алғашқы жекпе-жегінде сенсациялық түрде жеңіліп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу