"Астана" абыройсыз, "Қайрат" қауқарсыз...

1628

Жеңілді. Еліміздің бетке ұстар екі командасы Конференция лигасында 4 ойын өткізді. Төртеуінде де жеңілді.

"Астана" абыройсыз, "Қайрат" қауқарсыз...

Дәл осылай масқара болып жеңілетіндей не көрініп еді? Әлбетте оған себептерде жоқ емес.

Сараптап көрейік. "Астана" алғашқы ойында Польшаға әзер дегенде жетіп, 0:5 есебімен жеңілген еді. Жауапты матчта "Астана" есе қайтарамыз деп есептеп бар күшін салды. Бүкіл мықты ойыншылары алаңға шықты. Соның арқасында тек 0:1 есебімен ғана жеңіліс тапты. Жергілікті жанкүйерлердің алдында ойсырай жеңілмегені де дұрыс болды. Бірақ жасыл алаңға шыққан футболшылар үшін алаң жиегінде тұрған бапкерлер үшін де бұл аса қатты бас ауыртар мәселе болмаған секілді. Себебі қазіргі футболда ешкім жанкүйер үшін ойнамайды. Қазір көбісі қаржы үшін доп тебеді.

Сонымен "Астана" қарсылас голына еш жауап қата алмай, жігерсіз жеңілді. Конференция лигасының жарысы елордалықтар үшін ерте аяқталды. Польшаның "Ракув" командасы соншалықты азулы қарсылас емес еді. Жыл сайын еурокубоктерде үмітімізді ақтайтын "Астана" соңғы маусымдары нашарлап жүр. Өткен жылы да "Астана" абыройсыздықпен жеңілген. Ал алматылық "Қайрат" еурокубокке тұңғыш рет қатысқан Венгрияның "Кишварда" командасынан жеңілді.

Алғашқы ойын Алматы қаласында өтті. Ол кезде қонақтар соңғы минутта гол салып, жеңісті жұлып алған. Қарымта кездесуде "Қайрат" тағы да сондай есеппен жеңіліп қалды. Венгриялық команда алматылық командадан бір бас жоғары екенін байқатты. Тәжірибиесі толысқан легионер ойыншыларға қарсы "Қайрат" академия түлектерін қарсы қойды. 10 жас ойыншы алаңға шығып, болашақта сапалы ойыншылар өсіп келе жатқанын көрсетті. Бірақ дәл қазір олардың деңгейі нашар екені бай"қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу