Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек дәреже үшін және әлемді көп күттірген айқас болайын деп тұр, себебі бұл жекпе-жекте жерлесіміз Геннадий Головкин жеңіске жетсе, онда ол орта салмақ бойынша әлемнің абсолютті жеңімпазы болмақ.
Қазіргі кезде Қазақстанның ең танымал боксшысы орта салмақ бойынша бес белдіктің төртеуін иемденген, ол WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша жеңімпаз. Бесінші белдік британдық боксшы Билли Джо Сондерстің еншісінде. Геннадий Головкин американдық Дэниэл Джейкобсті жеңгеннен кейін, Билли Джо Сондерс GGG-мен "Астанада болсын, далада болсын" жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. Одан әрі Билли Сондерс Геннадий Головкиннің тобынан жекпе-жек шарттары туралы ұсыныс алғанын және барлық шарттар оның көңілінен шыққанын мәлім етті. Осыдан соң ол қазақстандық боксшыға келісімшартқа қол қою үшін өз қаламын ұсына бастады.
Бұл ретте Геннадий Головкиннің тобы өткен аптада бұл жекпе-жектің келісімшартына қол қою мерзімдері бойынша ешқандай дедлайн жоқ екенін баса айтты, сол себепті асығуға негіз жоқ әрі қабылдайтын тарап жауап беретін "ұйымдастырушылық сипаттағы" бірқатар кедергілер бар. Яғни осы жекпе-жекті халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында өткізуге ұсыныс білдірген Астана осы қиындықтарды шешуге тиіс. Алайда 3 сәуірде Астана билігі мұндай "ұйымдастырушылық" қиындықтар жойылғанын мәлім етті.
"Жекпе-жек 17 шілдеде болатыны белгілі, Головкин қолын қойды, –– деп мәлімдеді баспасөз конференциясында Берік Маржықбаев. – Британдық боксшымен жекпе-жек бізде "Астана-Арена" стадионында өтеді. Сол себепті дайындала беріңіздер, ақшаларыңызды жинаңыздар, билеттер арзан болмайды деп ойлаймын. Тағы аздап күту керек, енді екі аптадан кейін бәрі белгілі болар деп ойлаймын. Бұл бизнеске айналып үлгерген кәсіпқой бокс. Менің өз ойым билеттер 10-15 мың теңге тұруы мүмкін".
Баспасөз конференциясында "британдықтың" аты аталған жоқ, алайда кейінгі кездері GGG-мен жұдырықтасуға Билли Сондерстен басқа Тұманды Альбионнан ешкім ниет білдірмеген еді. Сол себепті сөз осы уақытқа дейін жеңілмей келе жатқан орта салмақтағы екі боксшы туралы болып отыр деп болжам жасауға болады. Геннадий Головкиннің тізімінде кәсіби бокстағы 37 жекпе-жекте 37 жеңіс, оның 33 нокаутпен, ал Билли Джо Сондерстің тізімінде 24 жекпе-жекте 24 жеңіс, оның жартысы нокаутпен.
Шынын айтсақ өткен демалысты Билли Сондерс батыстың БАҚ-тарына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен Лондонда, "О2 Аренада" жекпе-жек өткізуді жоққа шығармайтынын айтты. Сондықтан аздап сабырлық сақтап, Берік Маржықбаев айтқандай "екі апта күту керек". Ал Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен өткен демалыста айтқан сөзінде келесі аптада "маңызды мәлімдеме жасалады" деген болатын.
Бұл ретте Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман Астана әкімдігінің GGG осы жылдың жазында Қазақстан астанасында рингке шығады деген ақпаратын түсінбегенін айтты: "Бүгінгі таңда Геннадий Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіндігі туралы ешқандай ресми ақпарат жоқ, сәйкесінше, жекпе-жектің уақыты, тіпті билеттердің сатылымы басталғаны және баға саясаты туралы ешқандай әңгіме жоқ", – деген Олег Германның сөзін Vesti.kz басылымы келтіреді. Сонымен бірге GGG-дің менеджері шенеунік атаған жекпе-жек мерзіміне (17 шілде биылғы жылдың дүйсенбісіне келеді) ерекше тоқталды.
"Кеше Геннадий Головкиннің қатысатын жекпе-жек сенбі күні өтетіні белгілі болды, сонықтан шынын айтсам, неліктен Астанада дүйсенбі күні жұдырықтасады деген шешім қабылдағанын түсінбедім. Қайталап айтамын, Головкиннің келесі жекпе-жегі бойынша расталған ақпарат әзірге жоқ", – деп баса айтты ол.
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин болса Геннадий Головкиннің тобы Астанаға осы аптаның соңы не келесі аптаның басында келетінін айтты. Қазақстан астанасында оның қатысуымен бокс кешін өткізу туралы соңғы шешім келіссөз қорытындысы бойынша қабылданады.
Игорь Воротной