"Астана" алты дүркін чемпион

2953

Елордалық команда алтыншы жыл қатарынан ел чемпионы атанды. 

"Астана" алты дүркін чемпион

Қазақстан премьер лигасының 32-турында "Тобыл" - "Астана" арасындағы ойында биылғы біріншіліктің жеңімпазы анақталды. "Қайраттан" 1 ұпайға озып тұрған "Астана" бір тур бұрын чемпион атанды. Бұл ойында Юрий Логвиненко жалғыз голды салды да, елордалық ұжым маңызды 3 ұпай иеленді. Ал оның негізгі бәсекелесі  "Қайрат" сырт алаңда  "Ертіспен" кездесіп, 0-5 есебімен жеңіліп қалды. 

Қазақстан футболының тарихында алты рет қатарынан чемпион болған команда ретінде тіркелген "Астана" енді келер жылы Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды. Ал алматылық "Қайрат" әдеттегідей екінші орынмен шектеліп, күміс медаль иеленді. 

Біріншілікте қазір жауабы табылмай тұрған бір сауал болса ол прьемер-лигада қалатын команданың есімі. Себебі қола жүлденің де тағдыры шешіліп қойғандай. "Ордабасы" командасы соңғы турда "Таразбен" кездесіп сол ойында жеңіске жетсе болды. Тіпті, тең ойнаған күннің өзінде қола жүлдені қанжығасына басуы мүмкін. Ал  "Тараз" бен "Атыраудың" арасындағы тартыста жамбылдық команданың бәсі жоғары. Себебі "Атыраудың" соңғы ойыны "Қайратпен" болады. Әрі бұл ойында оларға ірі есеппен жеңіске жеткен ләзім. Өтпелі ойындар 15-18 қараша күндері өтеді. Біріншіліктің 10-орнын алған команда бірінші лиганың үшінші орын алған ұжымымен кездесу өткізеді. Айта кетейік, бірінші лигада үшінші орынды Орал қаласының  "Ақжайық" командасы алып отыр. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу