Бүгін, 15 мамыр елордалық "Астана" футболшылары команда жаттығуына қатысудан бас тартты.
Басты себеп футболшыларға, бапкерлер құрамына және қызметкерлерге бірнеше айлық еңбекақы бойынша қарыз бар.
Осылайша, "Астана" Қазақстан Премьер лигасының 9-турында Жезқазғанда өтетін "Ұлытау" командасына қарсы матчқа қатыспауы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін бас бапкер Григорий Бабаян "Тобылға" қарсы матчтан кейінгі (1:3) баспасөз мәслихатында қаржылық қиындықтарға байланысты командаға жақсы ойын көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізу қиын екенін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ, клуб директоры Қайсар Бекенов те қаржы мәселесі жайлы ақпаратты бұған дейін растаған болатын.