"Астана" бапкер ауыстырды. Енді не болмақ?

1614

"Өткелде ат ауыстырмайды" деген сөз болушы еді, бұл қалай болар екен?

"Астана" бапкер ауыстырды. Енді не болмақ?

"Астананың" бас бапкері қызметіне Григорий Бабаян тағайындалды. Бабаян 2012-2019 жылдар аралығында елордалық клубта жұмыс істеді. Отандық маман бұған дейін елордалық клубта 2012-2019 жылдар аралығында команданың бас бапкері және оның көмекшісі ретінде еңбек еткен.

"Астана" клубы Григорий Константиновичпен бірге Қазақстанның бес дүркін чемпионы, ел Суперкубогі мен Кубогінің иегері атанды, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті, сонымен қатар еурокубоктің 1/16 кезеңіне шықты. "Астанадан" кеткен соң Бабаян "Тобылды" баптады, ал 2021/22 жылғы маусымда мәскеулік ЦСКА командасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді.

– Мен "Астананың" құрамында өткізген уақыт үшін ризашылығымды білдіремін... Бұл менің тұлға ретінде де, жаттықтырушы ретінде де дамуыма сеп болған үлкен әрі баға жетпес тәжірибе болды. Клуб үшін қиын кезеңде бірлесіп жұмыс істегенімізді мақтан тұтамын. Қазіргі уақытта клуб пен команда ілгерілеп келеді, бұл біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың басында өте алыс болып көрінген еді.

Болашақта клубқа жақсы өнер көрсету оңай болатынына күмәнім жоқ және мен жаттықтырушылар құрамымен бірге жеңіс іргетасын қалауға үлес қосқаныма қуаныштымын. Ынтымақ, түсіністік танытып, барын салған ұжымға алғыс айтамын. Ойыншылар, жаттықтырушылар жәнк қызметкерлерге рахмет. Бізбен бірге болған жанкүйерлер жарады. Әсіресе, осы уақыт бойы бізді қолдап, сенім артқан жандарға ризамын! Сәттілік тілеймін! Жарқын күндерде кездескенше!, – деп қоштасты "Астана" клубында бас бапкер болып қызмет атқарған Срджан Благоевич.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу