"Астана" баскетбол клубының кезекті сырт алаңдағы кездесуі бұл жолы эстониялық "Калевпен" өтіп, қазақстандық команда қарсыластарынан жеңіліп қалды. Бұл ойындағы құрамамыздың жеңілісінің басты себептерінің бірі пенальтилер болды.
"Калевке" қарсы кездесу елордалық команда үшін екі апталық үзілістен кейінгі алғашқы ойын болды. Бас бапкер Дарко Руссо Эстонияда Джайлен Барфорд, Энтони Хики, Скайлар Спенсер, Антонио Кэмпбелл және Максим Марчуктерге сенім артты.
Алғашқы шабуылда Антонио Кэмпбелл үш ұпайға ие болып, "Астананы" алға шығарды. Бірақ келесі шабуылдарда ойыншыларымыз нәтижелі өнер көрсетпеді. Алаң иелері қарап қалмай, алға шықты. Кэмпбелл алаңның ортасынан торға дәл соққы бағыттап, есепті теңестірді. Ал Максим Марчук пен Скайлар Спенсер басымдылығымызды нығайта түсті. Эстониялықтар ойынды теңестіруге тырысқанымен, кезең ортасында Энтони Хики айып алаңынан алғашқы ұпайды еншілеп, біздің жігіттер алаң иелерінен 5 ұпай алға шықты. Соған қарамастан, "Калев" есепті тез арада теңестірді. Энтони Хики тағы да "Астананы" алға шығарды. Рустам Мырзағалиев пен Скайлар Спенсердің ұпайларынан кейін командамыз 5 ұпайға алға шықтық. Бірінші кезең қазақстандық команданың пайдасына, 14:18 есебімен аяқталды.
"Калев" екінші кезеңде есеп айырмасын бір ұпайға дейін қысқартты және Энтони Хиккидің ұпай жинағанынан қарамастан, үшінші минутта алға шықты. Екінші кезеңнің бірінші жартысы біздің команда үшін аса сәтті болған жоқ. Алаң иелері он минутта 6 ұпаймен алға шықты. Осыдан кейін елордалық команда қарсы шабуылдар ұйымдастырғанымен, 35:32 есебімен эстониялық командаға жеңіліп қалды.
Үшінші кезең де қазақстандық команда үшін сәтсіз басталды. "Калев" өз басымдылығын арттыруды тоқтатпады. "Астана" бірінші ұпайды үшінші минуттың ортасында ғана ала алды. Бұл жолы Максим Марчук көзге түсті. Бірақ бір минутқа жетпей "Астана" тағы да жеңіліп жатты. Нәтижесінде 10 ұпай айырмашылығымен, 61:51 есебімен "Калев" жеңіске жетті. Соңғы он минутта біздің жігіттер өз мүмкүндіктерін пайдалуға тырысты. Бірақ "Астана" ірі есеп айырмашылығымен, 85:67 есебімен жеңіліс тапты.
Кездесуден кейін "Астана" турнирлік кестеде бірден екі саты төмендеп, "Калевтен" кейін тоғызыншы орынға жайғасты.
"Астана" жанкүйерлері өздерінің сүйікті командасымен алдағы жұмыс аптасының соңында кездеседі. Бірыңғай баскетбол лигасы аясында елордалық команда өз алаңында Красноярскінің "Енисейіне" қарсы матч өткізеді. Кездесу 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы "Сарыарқа" велотрегінің аренасында сағат 19:30-да басталады.
Ермұхамед Мәулен