Елордалықтар финалда жарыс қожайындары - Литваның "Лиеткабелис" командасын жеңе алмады. "Астананың" қарсыластары бір күн бұрын Эстония құрамасы - "Парну Садамды" ұтты. Соның арқасында олар финалға шықты. "Лиеткабелис" 1964 жылы құрылған тарихы бай команда. Пеневежистен келген команда Литваның негізгі чемпионатына біраз жылдан бері қатысып келеді. Соңғы 30 жыл ішінде олар бір рет Литваның күміс жүлдегері атанды және екі рет қола медаль иеленді. Ал соңғы екі маусымда үшінші орынға табан тіреді. Оған қоса, соңғы бес маусымда олар үнемі еуропалық турнирлерге - Еурокубоктар мен Еуропа чемпиондар лигасына қатысып келеді.
Бұған дейін "Астана" мен "Лиеткабелис" командалары тек бір рет қана кездескен. Қос команда 2016 жылы өзара жолдастық матч өткізген. Ол уақытта да литвалықтар жеңіске жеткен еді.
Раймундо Саргуно Кубогы үшін өткен ойынның алғашқы кезеңі тең дәрежеде өрбіді. Астана тек 3 ұпаймен ғана алға шықты - 18:21. Екінші кезең де дәл сол сценариймен өтті. Есеп айырмашылығы іс жүзінде өзгермеді. Дарко Руссо командасы үзіліске тағы да 3 ұпай басымдылығымен кетті - 38:41. Үшінші кезеңнің бес минутынан кейін Астана +4 ұпаймен алға шықты. Бірақ ойынның екінші жартысы қазақстандық команда үшін мүлде сәтсіз болды. Литвалықтар бес минуттың ішінде 14 ұпай жинап үлгерді және тек 4 гол ғана жіберді. Өкінішке орай, елордалық команда олқылықтың орнын толтыра алмады. Оның үстіне қарсыластарға тағы да есепті еселей түсуге мүмкүндік беріп қойды. Ал матч аяқталуға бес минут қалғанда доп айырмасы 8-ге дейін жетті. Есепті теңестіруге болар еді. Бірақ, ойын қорытындысы бойынша өкінішке орай "Астана" 71:82 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша елордалық баскетбол клубы Раймундо Саргуно Кубогының күміс жүлдегері атанды.
Ермұхамед Мәулен