Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап Рустам Мурзағалиев бұрыштан дәл үш ұпайлық соққымен команданы алға шығарды (9:6). Бірінші кезеңде Даниэл Утоми 6 ұпай, Александр Щербак 5 ұпай қосты, ал Андрей Десятников 2 блокшотпен ерекшеленді. Мұндай бастама қарсыласты абдыратып, "Енисей" көшбасшылары - Герасимов пен Сэндерс қателіктер жіберуге мәжбүр болды. Бірінші ширектің нәтижесі - "Астананың" пайдасына 20:14.
Екінші кезеңде біздің жігіттер тамаша көңіл-күймен ойнауды жалғастырды. Алайда, шабуыл қарқыны сәл төмендеп, красноярлықтар айырмашылықты төрт ұпайға дейін қысқартты (25:21). Соған қарамастан, команда "камбэк" жасауға тырысқан қарсыластың шабуылдарын тойтара алды. Капитан Рустам Мурзағалиев тағы да дәл соққы жасады, ал Оразбеков пен Десятников маңызды ұпайлар қосты. Шабуылда сондай-ақ Андрей Походяев пен Даниэл Утоми ерекшеленді. Ширек соңында "Енисей" тағы да айырмашылықты қысқартқанымен, "Астана" 42:33 есебімен алға шықты.
Егер бірінші кезең Глеб Плотниковтың шәкірттері үшін осы маусымдағы ең тамаша нәтиже болса, үшінші кезең өкінішке қарай сәтсіз болды. Көшбасшылық "Енисейге" өтті - 48:55.
Соңғы кезеңде "Астана" алдында маңызды міндет тұрды - айырмашылықты қысқарту. Айырмашылық қол жетпейтіндей көрінбеді және он минуттықтың басында біздің команда 3-5 ұпай аралығында ұстады. Походяев, Мурзағалиев және Утомидің дәл соққылары камбэкке үміт сыйлады. Алайда, ширек соңында "Енисей" ойынды қайта бақылауға алды. Өкінішке қарай көшбасшылықты қайтару мүмкін болмады. Осылайша елордалық ұжым қатарынан 26-мәрте жеңілді.
"Астана" — "Енисей" 63:78 (20:14, 22:19, 6:22, 15:23)