"Астана" баскетбол клубы мәскеулік командадан айласын асырды

560

Елордалық "Астана" ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өз алаңында мәскеулік МБА командасына қарсы матч өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана" баскетбол клубы мәскеулік командадан айласын асырды Фото: vtb-league.com

Алаң иелері бірінші кезеңде жеңіліп қалды. Екінші және үшінші кезеңде күш біріктіріп, соңғы он минутта басымдылығын нығайта алды.

Нәтижесінде, кездесу 80:71 есебімен елордалықтардың пайдасына аяқталды. "Астана" сапынан ең нәтижелі ойыншылар Ройс Хэмм – 28 ұпай, Маркелл Джонсон – 23, Девин Дэвис – 13, Василий Пусика – 6, Рустам Мурзағалиев – 6 ұпай жинады.

МВА бапкері Василий Карасев "Астананың" өз алаңында жеңіске жеткені туралы пікірін білдірді: "Астананы" құттықтағым келеді. Олар бүгін үлкен ынтамен ойнады және лайықты жеңіске жетті. Біз ойынды соңына дейін жеткізбедік. Менің ойымша, біз мұндай мақсатпен алаңға шықпауымыз керек. Өйткені алға шыққаннан кейін біз босаңсып, ойын аяқталды деп ойладық. Ал "Астана" матчтың 40 минутқа созылатынын және 40 минут бойы тер төгу керектігін көрсетті".

Сондай-ақ "Астананың" бас бапкері Олег Киселев ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы мәскеулік МБА-ға қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.

"Жанкүйерлер мен команданы құттықтағым келеді. Біз үшін жеңіс оңайлықпен келмеді. Бұған дейін бес матч қатарынан жеңілдік. Біз дайындалдық. Екі ай бұрын МБА-ға қарсы қалай ойнағанымызды, олардан 35 ұпай ұтылғанымызды есімізде. Екінші таймда қарсыластарымызға 29 ұпай алуға мүмкіндік бердік. Бұл біздің жеңісіміздің басты факторлары деп ойлаймын. Оған қоса, біз шыдадық, соңында ұйымшылдық, жинақылық, жеңіске ұмтылыс болды. Біз сәттілікке сенім артқан жоқпыз", – деді Олег Кисилев.

24 қаңтарда "Астана" Самарада жергілікті аттас клубпен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу