"Астана" баскетбол клубы 28 ойыннан кейін жеңіс тойын тойлады

386

29 қаңтарда ВТБ Бірыңғай лигасындағы матчта "Астана" өз алаңында "Самарамен" кездесті.

"Астана" баскетбол клубы 28 ойыннан кейін жеңіс тойын тойлады Фото: ppz.kz

Қазақстандықтар бірінші кезеңде 16:24 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, "Астана" ес жинақтап, келесі үш 10 минуттықта есепті өзгертті.

Нәтижесінде, елордалық команда бұл кездесуде 75:67 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл "Астана" үшін биылғы ВТБ Бірыңғай лигасындағы алғашқы жеңіс. Дегенмен команда көш соңында қалып, турнир кестесінде 12-орында тұр. "Самара" 11-орында. Лиганың көшбасшылары – ЦСКА, "Уникс" және "Зенит". Командалар алғашқы үштікте келеді.

Сондай-ақ, үздік бестікте "Локо-Кубань" және "Уралмаш" командалары бар.

"Астана" келесі матчты 1 ақпанда "МБА"-ға қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Самара облысында спортты қаржыландыруда қиындықтар туындады. Мәселе баскетболды да айналып өтпеді. Қиын жағдай қарсыласымыздың бүгінгі ойынына ықпал етті десек артық айтқанымыз емес.

Команданы маусым соңына дейін Владислав Коновалов жаттықтырады. Ол 2022 жылдан бастап клубта бапкердің көмекшісі болып қызмет атқарып келеді.

Алайда команда маусымда аяқтай ала ма, жоқ па, белгісіз. Себебі клубтың банкрот болғаны мәлім болды. Мұны "Самара" бас директоры Камо Погосян растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу